Құқық қорғау органдары

45 жастағы петропавлдық 25 млн теңгенің темекісін акцизсіз сатпақшы болған

Өңір полицейлері «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын қорытындылады. Орталық көтерме сауда базарындағы бутиктердің бірінен тәртіп сақшылары заңсыз тауардың 34 мың 560 қорабын тәркіледі. Оның жалпы құны 25 млн теңгеге жуықтайды. Заңсыз тауардың иесі – Петропавл қаласының 45 жастағы тұрғыны. Оған қатысты материалдар процессуалдық шешім қабылдау мақсатында экономикалық тергеу департаментіне жолданды.