Облыста қызылша жұқтырғандардың саны артып барады. Қазіргі таңда өңірде жұқпалы ауруға 52 адам шалдыққан. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 3 адамға көп. Айта кетейік, Ұлттық ұлан академиясының 25 сарбазы қызылша жұқтырған. Оның 4-еуі ем-дом қабылдап, ауруханадан шығарылды. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше індетпен көбінесе жасөспірімдер ауыратын көрінеді. Облыста 14 жасқа дейінгі балалар арасында 22 жағдай тіркелген.
Гүлден Сембаева