Өзекті мәселе жақын арада шешілмек! Өңірде жарықсыз отырған ауылдардың саны азайды. Соңғы дерекке сүйенсек, облыстағы 9 елді мекенде электр қуаты жоқ. Қазіргі уақытта Аққайың, М.Жұмабаев және Есіл ауданында жөндеу жұмыстары жалғасуда. Іске ондаған маман мен техника жұмылдырылған. Жауапты басқарма басшысының айтуынша, қандай да бір оқыс жағдай болмаса, аймақта жарықпен қамту ісі кешкі 21:00-ге дейін толық қалпына келтіріледі.