Бұл туралы Сенатта аграрлық ғылымды дамыту тақырыбына арналған Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті.
«Елдегі аграрлық ғылымның тарихына қысқаша тоқталып кетсем. 1990 жылдары аграрлық саладағы ғылыми-зерттеу институттары 31, тәжірибелік шаруашылықтар саны 34 болған. Ондағы ғылыми қызметкерлер саны 6580 адам, жер көлемі 2,9 млн гектар және 618 мың бас мал болған. Содан бері аграрлық ғылымда 6 рет қайта құру, реформа жүргізілген. Нәтижесінде ғылыми зерттеу институттарының саны 31-ден 11-ге, тәжірибелік шаруашылықтар 34-тен 17-ге, ғылыми қызметкерлер саны 6580-нен 902-ге дейін қысқарған», – деді А.Сапаров.
2022 жылы Қазақстанда аграрлық ғылыми-зерттеулерге жұмсалған қаржы көлемі саладағы ішкі жалпы өнімнің 0,1 пайызын ғана құрады.