Денсаулық сақтау

МӘМС жүйесі бойынша алдын ала қорытынды

Биыл Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетуге 290 млрд теңгеге шарттар жасалған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға көп. 3 жыл ішінде қызметтердің көлемі де 7 есеге өскен. Мысалы, 2019 жылы 18 млн консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілсе, былтыр көрсеткіш 142 млн-ға жетіпті. Қаржы көлемі де ұлғайды. Ағымдағы жылы қорда 2,5 трлн теңгеден астам қаражат қарастырылған.

 

Байболат Култанов