Қазақстан жаңалықтары

Қол қойылған ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросымен ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытуға 1,8 млн АҚШ долларын бөлу туралы шешім қабылданды

“Бұл қаражат медицина қызметкерлерінің әлеуетін арттыру үшін халықаралық ұйым тарапынан сараптамалық, әдіснамалық және техникалық қолдау көрсетуге бағытталатын болады, аналардың, жаңа туған нәрестелердің, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау, онкологиялық және басқа да жұқпалы емес аурулармен, АИТВ, ЖИТС, туберкулезбен күресу, медицина кадрларын оқыту, халықпен және басқа да бағыттар бойынша ақпараттық жұмыс”, – деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ДДҰ Еуропалық бюросының форум алаңында өткен брифинг барысында.

Сонымен қатар, Достық елдердің алғашқы медициналық көмек коалициясын құру бастамасы талқылануда. ДДҰ Еуропалық бюросының басшысы қауіп топтары үшін вакцинацияның маңыздылығын атап өтті және вакциналарды таратуда және жаһандық деңгейде қоғамдық денсаулықты үйлестіруде халықаралық ынтымақтастыққа шақырды.