Кездесу барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелердің кең ауқымын, атап айтқанда Қазақстанда инвестициялық және технологиялық жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқылады. Қазақстандық СІМ басшысы Еуропалық инвестициялық банктің қаражатын тартуға және Астанада кеңсені тезірек ашуға мүдделі екенін атап өтті. Бұл әрекеттер инвестициялық портфельді және Банктің аймақтағы қатысуын едәуір кеңейте алады.
Ол сондай-ақ ЕИБ-ті “жасыл” қаржыландыру және Астана халықаралық қаржы орталығымен инновациялармен алмасу саласындағы тығыз ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыруға шақырды. Тараптар арнайы жұмыс тобын құру және егжей-тегжейлі инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі жол картасын әзірлеу туралы уағдаласты.