Қазақстан жаңалықтары

Президент ДДҰ бас директоры Тедрос Гебрейюсті және ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросының басшысы Ханс Клюгені қабылдады

Астанада өткен Алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі жаһандық конференция аясында өткен кездесу барысында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымымен өзара іс-қимыл бойынша кең ауқымды мәселелер талқыланды. Мемлекет басшысы қонақтарды қарсы ала отырып, Қазақстан негізгі ұйымдардың бірі болып табылатын ДДҰ-мен халықаралық деңгейде жемісті ынтымақтастықты қолдайтынын атап өтті.

“Біздің ел әрқашан сіздің табысты жұмысыңызға үлес қосады. Мен ДДҰ-ны қазіргі шындықта басқару өте қиын екенін білемін. Бұл нағыз сынақ. Елдер мен делегаттардың әртүрлі пікірлері бар әлемде сіз қолайлы шешімдер мен компаға келесіз. Сізге сәттілік тілеймін. Өз тарапымыздан біз сізге үнемі көмектесіп, қолдау көрсетеміз”, – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев елдің денсаулық сақтау жүйесін күшейту және БҰҰ-ның Денсаулық сақтау саласындағы мақсаттарына 2030 жылға дейін қол жеткізудегі ДДҰ бастамаларын қолдауға дайын екенін растады. Өз кезегінде ДДҰ бас директоры Алматы және Астана декларацияларын қабылдаудың ұйым үшін және өзі үшін үлкен маңызы бар екенін атап өтті.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Тедрос Адханом Гебрейюс пен Ханс Клюге жаһандық конференцияны өткізуге жәрдемдескені және маңызды іс-шараға жеке қатысқаны үшін алғысын білдірді.