ТЖ

Петропавлда өрттен 3 жасар бала қаза тапты

Бүгін Петропавлда жантүршіктірерлік оқиға болды. Жуков көшесіндегі үйдің 9-қабатындағы пәтерден өрт шығып, 3 жасар бала қаза тапты.
Өрт туралы хабар “101” пультіне сағат 10.00 кезінде келіп түскен.
Мамандар оқиға орнына 2 минутта жетеді. Алдарынан қолында сәбиі бар ана шыққан. Бала жедел жәрдем қызметіне тапсырылады.

НАЗЫМБЕК ЕЛЕМЕСОВ, қалалық ТЖБ бастығы:

– Бірқатар реанимациялық шаралар жүргізілгенімен баланың өмірін арашалап қалу мүмкін болмады. Өрт 10-нан 14 минут кеткенде сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Облыстық ТЖД тұрғындарға балаларды қараусыз қалдырмауға, қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстану қажеттігін ескертеді.