“Сіздерді еліміздің басты мерекесі-Республика күнімен құттықтаймын! Бұл түркі қағанаттары, Алтын Орда және Қазақ хандығы дәуірінен бастау алған біздің ғасырлар бойғы мемлекеттілігіміздің қайта өрлеу күні”, – деді Мемлекет басшысы Ақордада өткен салтанатты марапаттау рәсімі алдында.
Президенттің айтуынша, бұл күні Алаш қайраткерлері күрескен бостандық идеясы жүзеге асты.
“Егемендіксіз ел жоқ деп бекер айтылмаған. 33 жыл бұрын Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануымен тарихи әділеттілік орнады. Бұл маңызды құжат Қазақстан тәуелсіздігіне жол ашты”,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.