Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша төрт жыл ішінде педагогтердің жалақысы 100% – ға, яғни екі есе өсті. Сондай-ақ, 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтарының жалақысы тағы 30% – ға өсті. Елімізде 220 мыңнан астам педагог біліктілік санаттары үшін үстемеақы алады. Мысалы, педагог-шебер 50%, педагог-зерттеуші – 40%, педагог-сарапшы – 35%, педагог-модератор – 30% алады.
Сондай-ақ халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған педагогтар үшін біржолғы сыйақылар енгізілді.