Қазақстан жаңалықтары

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысында Қазақстанның денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды

Іс-шараға Ұлыбритания, Канада, АҚШ, Дүниежүзілік банк және басқаларын қоса алғанда, әртүрлі елдер мен компаниялардың өкілдері қатысты. Отырысқа қатысушылар заманауи медициналық технологияларды енгізу, фармацевтика өнеркәсібін дамыту және дәрі-дәрмектерге қолжетімділікті арттыру мәселелерін талқылады. Премьер-министр денсаулық сақтау саласына инвестициялардың өскенін және медициналық инфрақұрылымның жақсарғанын, сондай-ақ фармацевтика саласындағы ірі компанияларды қолдайтынын атап өтті.

Ол Үкімет қабылдаған шаралар саланың инвестициялық тартымдылығына оң әсер ететінін айтты. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар шамамен 5 540 млн құрап, шамамен 30% – ға өсті, бұл ретте соңғы 7 жылда фармацевтикалық нарық көлемі 2,9 есеге ұлғайды.

Кездесу соңында Премьер-министр уәкілетті мемлекеттік органдарға отырыс барысында айтылған ұсыныстар мен ұсынымдарды пысықтауды тапсырды.