Спорт

Теріскейлік 7 саңлақ Азия ойындарында ел намысын қорғауда

Көпшілікпен бірге ел намысын теріскейліктер де қорғауда. Қыркүйектің 23-і күні Қытайдың Ханчжоу қаласында Азия ойындары басталды. Байрақты бәсекеге СҚО-нан 7 спортшы аттанды. Әзірге, жарыс жорығына боксшы Наталья Богданова ғана шыққаны белгілі. Жалпы, бұл додада жеңіл атлетикадан Михаил Литвин, брейкданстан Амир Закиров сынға түседі. Сондай-ақ, құрама сапында Алексей Луценко, Глеб Брусенский, Махаббат Үмітжанова сынды жерлес велошабандоздарымыз бар. Волейболдан да Наталья Смирнова ойыншылар қатарында.

 

Алдияр Айтпаев