Ата-ана құқығын орындамағандар жазаланды. Жақында алимент төлемей қашып жүрген 3 жамбылдық қамаққа алынды. Оларға қатысты әкімшілік істі аудандық прокуратура қозғаған. Өз қызметтік міндеттемелерін дұрыс орындамағаны үшін жеке сот орындаушысы да тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда аудандық прокуратура атқарушылық өндірісінің заңдылығын қадағалауды жалғастыруда.
Алдияр Айтпаев