СҚО-да табиғат қорғау прокуроры тағындалды. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен бұл лауазымға аға әділет кеңесшісі Батыр Қорғанбаев келді. Азамат еңбек жолын 2000 жылы Алматы облысы прокуратурасы жанындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті бөлім прокуроры лауазымынан бастаған. 2002 мен 2022 жылдар аралығында Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында жұмыс істеген. 2022 жылдың қазанынан бастап Павлодар облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау басқармасының бастығы лауазымында болған.
Алдияр Айтпаев