Ауыл шаруашылығы

Елде ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылы Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтетінін хабарлады. Соңғы рет бұл жұмыс 2006-2007 жылдары жүргізілген. Санақ екі кезеңмен: онлайн 1-31 тамыз аралығында және 20-шы қыркүйек пен 20-шы қазан аралығында планшетпен елді мекендерді аралау арқылы жүзеге асады. Мақсат – аграрлық сектордың дамуына болжам жасау және ауыл шаруашылығы саласының қазіргі шынайы жағдайы туралы толыққанды ақпарат алу.

 

Ақжүніс Мұқатай