Білім

Өңірге Қытай университетінен 13 студент келді

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінен 13 студент келді. Сәйкесінше 11 теріскейлік Қытайға аттанды. Бұл – екі білім ордасы арасындағы келісімшарттың аясында жүзеге асырылып жатқан іс. Жергілікті университет қытайлық білім ордасымен 2018 жылдан бері ынтымақтастықта. Бұл жолы жаңа бастамалар қолға алынбақ. Соның бірі – қосдипломдық магистрлік бағдарламасы.