Қоғам

Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен ауыл шаруашылығы министрі болып Айдарбек Сапаров тағайындалды. Ол Ербол Қарашөкеевтің орнын алмастырды. Бұл туралы Aqorda порталы хабарлады. Айдарбек Сапаров 2022 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. Осы тағайындауға дейін ол 3 жыл бойы ауыл шаруашылығы министрінің бірінші вице-министрі қызметін атқарды.

 

Гульден Симбаева