Қыркүйектің 1-інен бастап студент, магистрант және докторанттардың шәкіртақысы өседі. Бұл туралы informburo.kz порталы хабарлады. Нақтырақ айтсақ, бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20%-ға, ал магистранттар мен докторанттардыкі 15%-ға, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің стипендиясы 50% артады. Қаулыда белгіленген шәкіртақы мөлшеріне тоқтала кетейік: докторанттар – 217 500 теңге, магистранттар – 97 024 теңге, ал студенттердің шәкіртақысы 41 898 теңге болмақ. Сондай-ақ, «Денсаулық сақтау» бағыттары бойынша білім алатын студенттер 67 200 теңге алады.
Жаңартылған шәкіртақы көлемі:
Докторанттар – 217 500 теңге
Магистранттар – 97 024 теңге
ЖОО студенттері – 41 898 теңге
«Денсаулық сақтау» бағыттары бойынша білім алатын студенттер – 67 200 теңге
Гульден Симбаева