Қазақстан жаңалықтары

Таяу жылдары Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі кинопрокаттағы қазақ тіліндегі фильмдердің үлесін 30% – ға дейін арттыруды жоспарлап отыр

Бұл жоспар танымал шетелдік фильмдерді қазақ тіліне көшіру арқылы жүзеге асырылатын болады. Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов салалық ұйымдардың басшыларымен кеңес өткізіп, онда фильмдерді дубляждауға байланысты мәселелер талқыланды. Оралов экрандарға шығатын фильм премьералары кең аудиторияға қолжетімді болуы керек екенін атап өтті.