Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда спортпен және дене шынықтырумен айналысатын ерекше қажеттіліктері бар адамдардың саны 25,3% – ға өсті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің деректеріне сәйкес, егер 2020 жылы мұндай адамдар 38 352 болса, 2023 жылдың басында бұл көрсеткіш 51 325 адамға дейін өсті.

“Ерекше  қажеттіліктері бар адамдар үшін дене шынықтырумен айналысуға жағдай жасамай, бұқаралық спортты дамыту мүмкін емес. Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған 15 спорт клубы мен 3 мектеп, сондай-ақ Алматы облысында спортты дамыту дирекциясы жұмыс істейді. Біз спорттық инфрақұрылымды қолжетімді етуге ниеттіміз, сондықтан қазір еліміздің түрлі өңірлерінде 113 жаңа нысан салу бойынша жұмыс жүріп жатыр “, – деп атап өтті Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек.