14 тамыздан бастап солтүстікқазақстандық полицейлер «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс істеуде. Мақсат – қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңсыз көші-қонның жолын кесу, шетел азаматтарының тарапынан Қазақстан аумағында болу ережелерінің бұзылуын анықтау.
– Злоупотребляет алкоголем? Вы не стойте, не молчите; вы пишите заявление. В первую очередь: с ним нарколог поговорит. Если он сам добровольно не ляжет на месяц – тогда будет принудительно. Принудительно – это на полгода, минимально. После этого, если не поймет, повторно опять будем направлять. Кто хочет – тот будет лечиться.
Мобильдік топтар кезең-кезеңімен әкімшілік учаскелердегі аулалар мен пәтерлерді тексереді. Тәртіп сақшыларының назарында шетел азаматтары ғана емес, түрлі есепте тұрған және бұрын сотталған тұлғалар бар. Бұдан бөлек, азаматтық қару иелерін тексеру, жасөспірімдер арасында және тұрмысы нашар отбасылардағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар да жандандырылды.
АЛЕКСАНДР РОЗБАХ, СҚО ПД ЖПҚБ бастығының міндетін атқарушы:
– Бұл іс-шараға ішкі істер органдарының барлық қызметкері жұмылдырылады. Аулаларды тексеріп, пәтерлерді аралайды. Бұған тек учаскелік инспекторлар ғана емес, басқа қызметтер де тартылады. Тұрғындардан осындай іс-шараларға түсіністікпен қарауларын және қажет болған жағдайда полицияға барынша көмек көрсетуді сұраймыз.
Жыл басынан бері полицейлер 148 солтүстікқазақстандықты маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберген. 438 адамға алкогольдік ішімдік ішпеу және тағы бірнеше талап қойылған. 29 тұлғаға қатысты шартты-мерзімінен бұрын босатылуы туралы шешім тоқтатылып, олар түзету мекемесіне қайтарылған. “Учаске” жедел-алдын алу шарасы қыркүйектің 30-ына дейін жалғасады.
Ақжүніс Мұқатай