285 литр ішімдік пен 2 мыңға жуық темекі қорабы. Астана көшесіндегі 2 сауда нүктесінде акцизделмеген алкогольдік және темекі өнімдері саудаланып келген. Оны облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында анықтады. Кейін сауда орындарының қоймаларын тексеру кезінде тағы 8 мыңға жуық темекі табылған. Тәркіленген темекінің жалпы құны 3 млн теңгеден асып жығылады. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 463-бабы «Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ, әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру» бойынша әкімшілік материал жиналды.