Ауыл шаруашылығы

Бруцеллез ауруын жұқтырған мал басы 63-ке жетті

Аққайың ауданына қарасты Лениское ауылында бруцеллез жұқтырған мал басы ұлғайды. Бүгінгі күні жергілікті тұрғындарға тиесілі ауру ірі қараның саны 63-ке жетіп отыр. Оның 9-ындағы жұқпалы дерт тамыздың 7-ші жұлдызында анықталды. Осыған байланысты елді мекенде шектеу шарасы енгізілді.

АМАНЖОЛ НҰРТАЗИН, облыстық ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы:

– Мал өнімін өзге жерге шығаруға болмайды. Бруцеллез ауруы тіркелсе, шектеу шарасы енгізіледі. Ал құс немесе шошқа тұмауы тіркелсе, карантин енгізіледі.

Ескерерт жайт, ауылда бруцеллез жұқтыру жайты алғаш мамырда тіркелді. Ауру мал бірден сойылды. Иелеріне өтемақы төленіпті.

АМАНЖОЛ НҰРТАЗИН, облыстық ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы:

– 41 мал иесіне 5,6 млн теңгеге жуық сомада өтемақы төленді. Бұл жерде 30 пайызды мемлекет өтейді. Қалған 70 пайызды сою алаңында жұмыс істейтіндер, яғни кәсіпкерлер төлейді.

Статистикаға кезек берейік. Облыстық ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы Аманжол Нұртазиннің сөзінше, биыл өңір аумағында бруцеллез жұқтырған мал басы былтырғыдан біршама кем.

АМАНЖОЛ НҰРТАЗИН, облыстық ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы:

– Соңғы 7 айда өңіріміздің 5 ауданында 170 ірі қарадан бруцеллез ауруы анықталды. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бруцеллез ауруы 722 бастан анықталған болатын.

 

Байболат Култанов