Қазақстан жаңалықтары

Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің жалақысы ағымдағы жылдың қыркүйегінен бастап 30% – ға артады

Бүгінгі таңда ҚР мектепке дейінгі ұйымдарында 98 мың педагог жұмыс істейді. Оның 65,3 мыңының жоғары білімі, 31 мыңының техникалық және кәсіптік білімі бар. Ауылдық аудандардағы педагогтердің үлесі 42,7%, қалаларда – 57,3%, мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелерде – 59,4%, жекеменшік мекемелерде – 40,6% құрайды. Мемлекеттің басты міндеті мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының мәртебесін арттыру, олардың кәсіби дағдыларын кеңейту және жалақысын ұлғайту болып табылады. Ағымдағы жылы мектепке дейінгі ұйымдардың 20 390 педагогы үшін біліктілікті арттыру жоспарлануда.