Талдау қорытындысы бойынша ТПИ бойынша 118 келісімшарт және 245 лицензия, сондай-ақ көмірсутек шикізаты бойынша 27 келісімшарт бұзылды. Нәтижесінде кен орындары мемлекеттік қорға қайтарылып, жаңа инвесторларды тарту үшін аукционға қойылды.
2023 жылы аукциондарда 1,5 млрд теңгеге қол қою бонусы төленді, ал көмірсутектер бойынша геологиялық барлауға жаңа инвестициялар 15,7 млрд теңгеден асады. Болашақта қаржылық міндеттемелерді бұзушыларға айыппұл санкциялары қолданылатын болады.