Қазақстан жаңалықтары

Жақында қазақстандық жүргізушілер өздерімен бірге техникалық байқау туралы қағаз құжаттарды алып жүру міндетінен босатылады

Индустрия министрлігі “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ-мен бірлесіп техникалық байқаудың диагностикалық картасын цифрлық форматқа көшіру бойынша жұмыс жүргізуде. Кейіннен бұл деректер электрондық үкіметтің мобильді қосымшасының жеке кабинетінде сақталатын болады. Цифрлық сервистің пилоттық нұсқасын ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде EgovMobile-да жариялау жоспарлануда.

Ведомство мұндай қадам сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және қоғамның жүйеге деген сенімін арттыруға көмектесетінін атап көрсетеді.