Санаулы күннен кейін жаздың соңғы айы басталады. Бұл айда қазақстандықтар қанша күн демалады? Сонымен, аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер осы айда 8 күн тынығады. Ал аптасына 6 күн еңбектенетіндер үшін 6-сы мен 13-і және 20-сы мен 27-сі демалыс күні болып есептеледі. Айдың соңында, яғни тамыздың 30-ы ел тұрғындары Конституция күнін атап өтеді. Атаулы мейрам бұл жолы сәрсенбіге түсіп тұр.
Акжунис Мухатай