Қазақстан жаңалықтары

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Машина жасауды дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспарын әзірлеуге арналған кеңес өткізді

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Машина жасауды дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспарын әзірлеуге арналған кеңес өткізді. Жоспар отандық өндірушілерді қолдауға және машина жасау саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған 83 іс-шараны қамтиды.

Жоспардың негізгі мақсаты саладағы жалпы қосылған құн мен өндіріс көлемін арттыру болып табылады. Талқылаудан кейін Әлихан Смайылов жоспарды мүдделі ұйымдармен келісуді жеделдетуді тапсырды.