“AMANAT” партиясының жергілікті өкілдері мұқтаж жандарға қол ұшын созуда. Белсенділер жалғызбасты зейнеткерлердің үйіне барып, үй шаруасына көмектеседі. Яғни, су тасып, бақшаның арамшөбін жұлып, ауласын тазалайды. Аға буын өкілдері көбінесе жомарт жерлестерімізге тікелей хабарласады. Кей кезде Ардагерлер кеңесі де ақпарат алмасады екен. Ал кейбірде “Жастар рухы” жастар қанатының мүшелері көмекке зәру теріскейліктер жайлы кездейсоқ біледі. Мәселен, белсенділерінің бірі әжесінің көршісіне жәрдем керек екенін естіпті. Қыз-жігіттер бірден жинала кетіп, петропавлдықтың үйіне барған. Жалпы, солтүстікқазақстандық аманаттықтар жыл басынан бері 100-ден аса тұрғынға көмектескен.
Акжунис Мухатай