Петропавлда түн ортасында жанжалқой патрульдік көлікке отыруға бас тартқан. Ал сол күні таңертен тағы бір адам наркологиялық орталыққа баруға көнбеген. Оларға байланысты хаттама толтырылды. Егерде тағы да осындай жағдай 1 жылдың ішінде қайталанса қос тұрғын 30 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алынады. Жарты жылдың ішінде облыс орталығында осындай 200-ге жуық факті тіркелді. Сондай-ақ, медициналық куәландырудан өтуден жалтарған жүргізушілерге де жаза қарастырылған. Олар 15 тәулікке қамауға алынынып не болмаса 8 жылға басқару құқығынан айырылады. Жыл басынан бері облыста 13 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
Гульден Симбаева