Ауыл шаруашылығы

Тайыншалық кәсіпкерлер тамшылатып суару технологиясына көшуде

Бұл – Красная Поляна елдімекені маңындағы егістік. Аумағы 100 гектарды алып жатқан картап алқабы, бүгінде толығымен тамшылатып суару технологиясына көшкен. Оған ауыл маңында ешқандай су қоймасының болмауы себеп. Биыл шаруашылық тамшылатып суаруды екінші жыл қатарынан қолданып отыр. Былтыр дәл осы әдіспен 1000 тонна өнім алған екен.

ЮРИЙ КРАСНОГОЛОВЫЙ, “Таң” ШҚ директоры, Тайынша ауданы:

– Картоп өсірумен айналысқанымызға 5-6 жыл болды. Жақын маңда өзен-көл болмағандықтап, суару үлкен мәселе. Сондықтан қажетті суды қазаншұңқырдан аламыз. Тамшылатып суару әдісі біз үшін өте тиімді болып шықты. Себебі, бұрын бір гектар жерге 250-300 текше метр су кететін, ал қазір осы әдіс арқылы 200 текше метр суды үнемдейміз.

«Таң» шаруа қожалығы картоптан бөлек жүгері де өсіреді. Бұл дақыл 50 гектар жерді алып жатыр. Шаруашылық алқапты суару үшін ұзындығы 50 метрлік «Осмос» техникасын пайдаланады.

ЮРИЙ КРАСНОГОЛОВЫЙ, “Таң” ШҚ директоры, Тайынша ауданы:

– Қазаншұңқырдағы су құбыр арқылы арнайы техникаға беріледі, сорғы сағатына 200 текше метр су жібере алады. Жалпы 12 сағат ішінде 20,5 гектар жерді суарады. Оған 700 текше метр су кетеді.

Ал бұл «Астық-STEM» серіктестігіне тиесілі Виноградовка ауылындағы 240 гектар картоп алқабы. Егістік заманауи суару техникасымен жабдықталған. Құрылғының ұзындығы 800 метр. Оның 400 метрі 44 гектар жерді қамтиды.

ЖАЛМЫРЗА УӘЛИЕВ, “Астық-STEM” ЖШС бригадирі, Тайынша ауданы:

– Бір суарғанда 1000 текше метр судан астам су кетеді. Енді 240 га осы жерде картоп отырғызамыз. Екі сорттық картобымыз бар. гала, вега деген. Ал Қараағашта тамшылап суару әрекетіміз бар.

Шаруашылық бұдан бөлек Қараағаш ауылында 240 гектарда картап және 33 гектарда сәбіз өсіреді. Онда тамшылап суару әдісі қолданылады. Өткен жылы барлығы 340 гектар картоп алқабынан 13 000 тонна өнім алынды. Ал биыл егістік көлемі 100 гектарға артқандықтан мол өнімнен үмітті.

 

Байболат Култанов