Бөдененің еті де, жұмыртқасы да ағзаға пайдалы. Уақытында тамақтандырса құс тез жетіледі. Оны Евгений Дмитриев жақсы біледі. Ферма иесі 2015 жылы Қарағандыдан 200-дей бөдененің жұмыртқасын әкеліп, кәсібін бастап кеткен.
ЕВГЕНИЙ ДМИТРИЕВ, «Дмитриев Е.В.» ЖК жетекшісі, Тайынша ауданы:
– 2016 жылы 3 млн теңге көлемінде грант алдым. Бар қаржыны ферманы кеңейтуге, қажетті жабдықтарға жұмсадым. 2018 жылы тағы 3 млн теңге сомасындағы қаражатты аграрлық несие корпорациясынан алдым. Себебі ферманы тағы да кеңейту, өнімді сатылымға шығару керек болды. Қазір бөдененің жұмыртқасы мен етінің бір бөлігін Тайынша ауданында қалдырамыз. Қалғаны Петропавл және Көкшетау қалаларына жіберіледі.
Бүгінде кәсіпкер фермадан күніне 200 жұмыртқа алады. Сондай-ақ ай сайын 50-100 кг бөдене етін сатады.
ЕВГЕНИЙ ДМИТРИЕВ, «Дмитриев Е.В.» ЖК жетекшісі, Тайынша ауданы:
– Бөденені күніне 3 рет азықтандырамыз. Таза құрама жем Көкшетау қаласынан әкелінеді. Қазір фермада барлығы 3000-ға жуық бөдене бар. Оларға тәулігіне 120 кг жем кетеді.
ЗКТ: Әзірге Евгенийдің фермасы шағын. Онда кәсіпкердің өзінен бөлек тағы 2 қызметкер жұмыс істейді. Ол болашақта бөдене санын көбейтіп, фермасын кеңейтуге ниетті.
Байболат Култанов