Елімізде шілденің 1-і күні Әлеуметтік кодекс енгізілді. Осыған байланысты облыс әкімінің “Учаскелік комиссиялар туралы ережені, сондай-ақ, өтініш берушінің материалдық жағдайына сауалнама жүргізу нәтижелері бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке қажеттілікті айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы” қаулы жобасы әзірленді. Бейінді министрліктің бұйрығына сәйкес дайындалған құжат ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланды. Сайттағы қоғамдық талқылау ағымдағы жылдың 4-ші тамызына дейін жалғасады.
Байболат Култанов