Экология

Петропавлда масаларды улау жалғасуда

Петропавлда масаларды улау жұмысы жүріп жатыр. Дезинсекция түнгі сағат 2 мен 5-тің аралығында жүргізіледі. Тұрғындарға ыңғайсыздық тудырмас үшін осы уақыт аралығы таңдалып алынған. Масаға қарсы дәрілеу жұмыстары адам көп жиналатын жерлерде жүргізілуде.

ҚАСЫМБЕК ТӨРЕГЕЛДИЕВ, облыстық залалсыздандыру орталығының директоры:

– Тазалау шарасы қалалық саябақ пен Жеңіс саябағында, Мещан орманы мен 19-шы,20-шы шағын аудандарында, сонымен қатар, Жұмысшы кенті мен Береке ықшам ауданында жүргізілді. Өңдеу процесі адам көп шоғырланатын орындарда пайдалануға рұқсат етілген және құрамында қоршаған орта үшін зиянды заттары жоқ препараттармен жүзеге асырылады. Негізінен, суару және тұмандату әдісімен өңдейміз.

Маусым айынан басталған жұмыс қыркүйекке дейін жалғасады.

 

Акжунис Мухатай