Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО-ның 4 ауданында жаңа прокурорлар тағайындалды

Бас Прокурордың бұйрығымен Тимирязев ауданының прокуроры болып аға әділет кеңесшісі Ерболат Ибраев тағайындалды. Ерболат Қайыржанұлы прокуратура органдарында 2000 жылдан еңбек етеді. Еңбек жолын Қызылжар ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған. Одан кейін облыстық прокуратураның алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры қызметін атқарды. Ерболат Ибраев Ғ.Мүсірепов ауданы прокурорының орынбасары, Аққайың және Шал ақын аудандарында прокурор болған. Осы тағайындауға дейін ол Уәлиханов ауданында прокурор лауазымын атқарды.

Сонымен қатар, осы 2 ауданнан бөлек тағы қос ауданның прокурорлары ауысты. Ғ.Мүсірепов ауданының прокуроры болып – Жандос Әміров, ал Айыртау ауданының прокуроры болып Эргаш Каримов тағайындалды.

 

Гульден Симбаева