Қоғам

Марокко, Катар және Панама елінен бағалы қағаздар сатып алынды

Ресми деректерге сүйенсек, 1-ші шілдеде Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруындағы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активі 16 триллион теңгеден асқан. Көрсеткіштің ұлғаюына халықаралық байланыстар да әсер етуде. Мысалы, өткен айда зейнетақы қорларын инвестициялау аясында 14,76 млрд теңгеге Марокко, Катар және Панамадан бағалы қағаздар сатып алыныпты. Тағы 340 млрд теңгеге Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздары алынған.

 

Байболат Култанов