Қоғам

Техникалық байқаудан өту ережелері өзгерді

Темір тұлпар иелеріне құлаққағыс! Енді Қазақстанда заң бұзушылықтар мен жалған тексеру белгелерін анықтаған техникалық байқаудың диагностикалық карталары жойылады. Диагностикалық картадан бас тарту кезінде автокөлік иесіне 1414 нөміріне техникалық байқаудан қайта өту қажеттілігі туралы SMS хабарлама келеді. Диагностикалық картаның күшін жоюды «Міндетті техникалық қарап-тексеру» бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторы және жұмыс тобы жүйеге келіп түсетін деректердің мониторингі кезінде жүзеге асырады. Аталмыш өзгерістер көлік құралын міндетті техникалық байқаудан өткізуді ұйымдастыру және өткізу қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты орын алды.

 

Байболат Култанов