Солтүстікқазақстандық спортшы Нұрқожа Қайпанов Будапешт қаласында еркін күрестен өткен турнирде күміс медаль иеленді. Ол 74 келі салмақ дәрежесінде 4 кездесу өткізген. Финалда венгриялық Мурад Курамагомедовпен сынға түсті. Балуан кездесу барысында қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Жалпы, спортшылар елге 2 күміс, 5 қола әкелді. Айта кетейік, жылына әлемде 4 рейтингілік турнир өткізіледі. Бүгінге дейін мұндай жарыстар Хорватия, Египет, Қырғызстанда өтті. Төртіншісі Венгрияда ұйымдастырылды. Қазақстандық күрес федерациясының өкілдері бұл жарыстарда көп ұпай жинаған балуандар қыркүйек айында Сербияда болатын әлем чемпионатында жартылай финал немесе финалға дейін бір-бірімен кездесу өткізбейді дейді.
Гульден Симбаева