Ақжар ауданындағы Тұғыржап ауылынан 10 шақырым жерде құрғақ шөп өртенді. От 750 га аумақты шарпыған. Тілсіз жау кешке қарай ауыздықталды. Мамандар 4 техникамен от тұтанған алқапты айналдыра жыртып тастады. Жақын маңдағы елді мекендер мен ормандарға қауіп төніп тұрған жоқ деп мәлімдеді төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері.
Акжунис Мухатай