Ағымдағы жылдың 2 тоқсаны бойынша өңірімізде 370 кәсіпкер тіркеліп, 132 азамат жұмысын тоқтатқан. Таратылған кәсіпорындардың 6,8% жұмыс істемейтіндігі анықталды. Қазіргі таңда облыста 11 жарым мың іскер жан тіркелген. Олардың 97,8% – жұмыскерлер саны 100 адамға дейін болатын шағын бизнесі бар азаматтар. Өңірде көтерме және бөлшек сауда, автомобиль мен мотоцикл жөндеу саласында еңбек ететін кәсіпкерлердің саны басым. Басшы әйелдер жайлы айтсақ, білім беру саласындағы басшылардың 62,7% – нәзікжандылар.
Байболат Култанов