Осы күндері Иорданияның астанасы – Амман қаласында күрес түрлерінен 15 пен 20 жас аралығындағы спортшылар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Дүбірлі доданың шымылдығын кіші топ өкілдері ашты. Қуанышымызға орай, Қазақстан құрамасы 3 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль еншіледі. Жүлдегерлердің бірі – солтүстікқазақстандық Сұңқар Зарап. Ол 44 келі салмақ дәрежесінде мықтылардың қатарына қосылды.
Байболат Култанов