Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 1100 орын, сондай-ақ медициналық кадрлар үшін конкурстық негізде 1600 орын бөлу жоспарлануда. Бұған қоса, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің балаларын оқытуға арналған орындар қарастырылған. Сондай-ақ магистратурада, докторантурада және резидентурада орындар қарастырылған. Барлығы магистратурада 275 медицина маманы, докторантурада 50 маман және резидентурада 2500 маман даярланады.