Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұйрығының жаңа жобасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшілер үшін төлемдер сомасын ұлғайту жоспарлануда

Кепілдендірілген сома республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 13,6 пайызын құрайтын болады. Бұл ретте жеке көмекшінің қызметтеріне ақы төлеуді есептеу осы кепілдендірілген сома негізінде сағатына жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта кепілдендірілген сома айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 12 пайызын құрайды.