Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин маусым айында елдегі инфляция жылдық 14,6% – ға жеткенін және төмендеуін жалғастырып жатқанын айтты. Жыл соңына қарай инфляцияның 11-14% – ға дейін баяулауы күтілуде. Азық-түлікке әлемдік бағаның төмендеуі және Қазақстанның сауда серіктестеріндегі инфляцияның төмендеуі инфляцияға тежегіш әсер етеді. Алайда, инфляциялық күту және фискалдық ынталандыру сияқты ішкі факторлардың проинфляциялық тәуекелдері сақталады.
Ұлттық банк инфляцияның баяулауы негізінде болашақта базалық мөлшерлемені біртіндеп төмендету мүмкіндігін қарастыруда.