Қазақстан жаңалықтары

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында Қазақстанда жаңа бизнес-идеялар үшін 5 316 грант берілді

Ағымдағы жылы 9 000 грант беру жоспарлануда. Өтінімдер наурыз және мамыр айларында қабылданды және үміткерлерден 51,2 мың өтініш алынды. Гранттар бизнесті бастау және дамыту үшін 400 АЕК (1 380 000 теңге) дейінгі бастапқы капиталмен беріледі. Грант беру туралы шешім жобаның бәсекеге қабілеттілігі және қаржылық өміршеңдігі сияқты критерийлерді бағалау негізінде қабылданады.

Өтініштер ағындар бойынша қабылданады және келесі ағын қыркүйек айында жоспарланады.