3-7 шілде аралығында Астана қаласында президенттік кросстық көпсайыстан ел чемпионаты өтті. Жарысқа Қазақстанның әр өңірінен 100-ден астам спортшы қатысты. Олар пневматикалық мылтық ату, белтемірге тартылу және жүгіру бойынша сынға түсті. Тартысты додада Ұлттық ұлан академиясының офицерлері – лейтенант Иван Андреев пен подполковник Мақсат Нүсіпов мүшелік ететін құрама облыс намысын қорғады. Аты-жөндері аталған мамандар I орынға ие болып, чемпион атанды. Әскери кадрлар ұстаханасы өкілдері бекерден-бекер топ жарып отырған жоқ. Білім ордасының мамандары әрдайым дүбірлі додаларда үздіктер қатарынан көрінеді.
Акжунис Мухатай