Колледж дипломы. eGov Mobile мобильді қосымшасында осындай атаумен жаңа цифрлық құжат пайда болды. Колледж дипломы – арнаулы орта білімнің бар екендігін куәландыратын құжат. Енді оны қажет болған жағдайда
элктрондық нұсқасын смартфоннан көрсетуге болады. “Бұл қажетті құжаттарды алу және ұсыну процесін едәуір жеңілдетеді”, – дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Цифрлық құжатты қолдану үшін eGov mobile қосымшасының басты бетінде «Цифрлық құжаттар» сервисін таңдау керек. Пайдаланушы құжатпен QR код немесе 6 таңбалы код арқылы бөлісе алады. Цифрлық құжат – түпнұсқа құжаттың баламасы. Қазіргі уақытта «Цифрлық құжаттар» сервисінде 27 құжат қолжетімді: оның ішінде жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, ҚР азаматының паспорты және тағы басқалары бар.