Қазақстан жаңалықтары

Мемлекет басшысы ақша-кредит саясатын тиімді іске асыруға бағытталған бірқатар міндеттер қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады. Мемлекет басшысы Ұлттық Банктің 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындылары туралы есебін тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдегі және Қазақстандағы экономикалық жағдайдың дамуы, инфляция факторлары және оны төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар, төлем балансының динамикасы, сондай-ақ БЖЗҚ, Ұлттық қор және алтын-валюта резервтері активтерінің жай-күйі туралы   ақпарат берілді.

Ғалымжан Пірматов Ұлттық Банктің шаралары оң нәтиже беретінін және инфляция реттеушінің болжамына сәйкес қалыптасып, төмендегенін көрсетті. Сондай-ақ Президентке ашық банкинг тұжырымдамасын енгізу және төлем нарығын реттеу мәселелері бойынша ақпарат ұсынылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы ақша-кредит саясатын тиімді іске асыруға бағытталған бірқатар міндеттер қойды.