“Қызылжар” футбол клубы ел чемпионатында 4 жеңілістен кейін жеңіске жетті. Кеше жергілікті ұжым алматылық “Қайратты” 2 де 1 есебімен тізе бүктірді. Петропавлдықтар қос голды алғашқы таймда соқты. Алдымен шабуылшы Максим Чиканчи қанжығасын майлады. Араға 10 минут салып жартылай қорғаушы Евгений Березкин қонақ қақпашыны қапы қалдырды. Ал қарсылас команда есеп айырмасын 62-ші минутта қысқартты. Тартысты матчтың қорытындысы бойынша “Қызылжар” турнирлік кестеде “Қайраттың” алдын орады. Ендігі ойын шілденің 16-сы күні Петропавлда қостанайлық “Тобылға” қарсы өтеді.
Байболат Култанов